Шаңғышы қыздарымыз Олимпиаданың финалына шыға алмады

Шаңғышы қыздарымыз Олимпиаданың финалына шыға алмады
Қысқы спорт

Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде шаңғы жарысынан әйелдер арасында командалық спринт бәсекесінің іріктеу сыны өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл сайыста Қазақстан атынан Надежда Степашкина мен Дарья Ряжко өнер көрсетті. Финалға өту үшін іріктеуде үздік 15 құраманың қатарына кіру керек еді. Алайда бұл біздің командамыздың қолынан келмеді. Отандастарымыз 7:14.61 уақыт көрсеткішімен мәрені 17-ші болып кесті. Осылайша, олар Олимпиаданың командалық спринт бәсекесіндегі жарыс жолын аяқтады.