Олимпиада-2026: Софья Самоделкина еркін бағдарламаға жолдама алды
Қысқы спорт
Софья Самоделкина. Сурет: Сали Сабиров, ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында қысқа бағдарламада өнер көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отандасымыз төрешілердің шешімімен 68.47 ұпай еншілеп, аралық 12-орынға тұрақтады. Бұл - Софьяның мансабындағы ең үздік нәтижесі, жеке рекорды.
Жапониялық Ами Накаи 78.71 ұпаймен қысқа бағдарламадан кейін аралық есепте көш бастады.
Айта кетейік, еркін бағдарлама 19 ақпанда өтеді.