Қазақ мергендері Азия чемпионатында екі медаль еншіледі
Спорттық ату
Валерий Рахымжан. Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Үндістанның Дели қаласында нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы екі медальмен көзге түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Валерий Рахымжан 10 метрден пневматикалық тапаншамен атудан күміс жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар отандастарымыз командалық сайыстың нәтижесінде қола жүлдегер атанды. Құрама сапында Валерий Рахымжан, Кирилл Федькин, Эльдар Иманқұлов ел намысын қорғады. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде түсті.