Қазақтың мерген қыздары Азия чемпионы атанды

Қазақтың мерген қыздары Азия чемпионы атанды
Спорттық ату

Қазақстан құрамасы / Сурет: ASC

Бұл күндері Дохада стенд атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы аталған жарыста тағы бірнеше жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Элеонора Ибрагимова, Анастасия Прилепина және Наргиза Сарманова ел қоржынына алтын медальді салды. Отандастарымыз «трап» бағдарламасы бойынша командалық сайыста үздік нәтиже көрсетті. 

Сонымен қатар «трап» дисциплинасында қазақстандық мергендер жекелей сында да табысты өнер көрсетті. Максим Бедарев пен Элеонора Ибрагимова күміс жүлде иеленді. 

Еске салсақ, бұған дейін ұлттық құрама «скит» түрінен екі алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алған болатын.