Богдан Вехов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Богдан Вехов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Қысқы спорт

Богдан Вехов. Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстан шорт-тректен Солт-Лейк-Сити қаласында (АҚШ) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші медальға қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл жолы ұлттық құрама қоржынына жүлдені Богдан Вехов салды. Отандасымыз 1000 метр қашықтықта сәтті өнер көрсетті. Вехов 1:24.177 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесіп, қола жүлдегер атанды.

Алтын медальді Оңтүстік Корея өкілі Пак Соджун (1:23.802) жеңіп алса, күміс жүлде Қытай спортшысы Юйхэн Лиге (1:23.903) бұйырды. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы эстафеталық жарыста үшінші орынға ие болған еді.