IBF Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық мәртебесін сақтап қалды
IBF қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық мәртебесін сақтап қалды. Былғары қолғап шеберінің допинг ісі тексеріліп жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Халықаралық бокс федерациясы барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған дүниежүзілік рейтингіні жариялады. Орта салмақта Жәнібек Әлімханұлы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сақтап отыр.
Еске сала кетсек, 7 желтоқсанда Qazaq Style кубалық Эрисланди Ларамен үш чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізуі керек болған. Алайда жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда қазақстандық боксшының допинг сынамасы оң нәтиже көрсетіп, ол жарыстан шеттетілген. Қазіргі таңда отандасымыздың допинг ісі тексеріліп жатыр. 19 қаңтарда оның допингінің В сынамасының қорытындысы жарияланады деп күтіліп отыр.