Көкшетауда жаңа спорт кешені ашылды
Kokshe Arena/Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Көкшетау қаласында Kokshe Arena көпфункционалды спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кешен бір мыңнан астам адамға арналған. Оның құрамына мультимедиялық жабдықтармен қамтылған 650 орындық көрермен залы, жасанды жартасты қабырғасы мен өрт-қолданбалы спорт түрлеріне арналған мұнарасы бар әмбебап спорт залы, сондай-ақ олимпиадалық стандарттарға сай сертификатталған жабдықтармен қамтамасыз етілген бокc, күрес, ауыр атлетика және кроссфитке арналған залдар кіреді. Кешеннің іргелес аумағында жеңіл атлетика аймағы мен ойын спорт түрлеріне арналған алаңдар салынған. Сонымен қатар Kokshe Arena мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етілген.
Жаңа нысан түрлі спорт түрлері бойынша жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған алаңға айналады. Бұған дейін өңірде Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылған болатын.