Жәнібек Әлімханұлының командасы мәлімдеме жасады
Бокс
Жәнібек Әлімханұлының командасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлы қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс білдіріп, командасының кінәсі жоқ екенін айтты.
Еске салсақ Қазақстандық боксшы осы жексенбіде АҚШ-тың Техас штатында Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді сарапқа салатын жекпе-жек өткізуі керек еді.
Алайда Ерікті допингке қарсы VADA қауымдастығы қазақстандық боксшының сынамасынан тыйым салынған мельдоний препаратын табылғанын мәлімдеді.
