Ресми: Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара жекпе-жегі өтпейді

Ресми: Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара жекпе-жегі өтпейді
Бокс

Тұрар Қазанғапов

Жәнібек Әлімханұлының Эрисланди Ларамен кездесуі өтпейтін болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстандық боксшы осы жексенбіде АҚШ-тың Техас штатында Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді сарапқа салатын жекпе-жек өтуі керек еді. 

Ерікті допингке қарсы VADA қауымдастығы қазақстандық боксшының сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты табылғанын мәлімдеді.

Осыған байланысты Жәнібек Әлімханұлының командасы мәлімдеме жасады:

“Жаңалыққа таң қалдық деген себебіміз VADAның бірінші алған анализдері таза деген хабар келген болатын, екінші анализде даулы мәселе бар деген хабар жетті. Екі анализ арасында тамаққа да витаминге де ешқандай өзгеріс жасамадық. Бұл қалай болды екен деп түсінбей отырмыз!”. Қазір менеджерлер мен заңгерлер жұмыс істеп жатыр. Қайта анализ тапсырсақ деген өтініш айттық. Ескі анализдің екінші нұсқасын да тексерту, зертханадағы жұмыс бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мамандардан хабар күтудеміз». 

WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлының тест сынамасынан тыйым салынған зат анықталғанын мәлімдеген болатын. Қазір ішкі тексеріс жүргізіліп жатыр.