Қазақстан жолдастық кездесуде Норвегиядан жеңілді
Хоккей
Қазақстан хоккей федерациясы
Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы І дивизионның А тобындағы әлем чемпионатына дайындық барысында Норвегиямен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ойынынң негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталды. Ал буллиттер сериясында норвегиялық хоккейшілер мергендік танытты. Қазақстан құрамасы сапынан Виталий Божко, Семен Черкасов пен Корней Корнеев шайба соқты.
4 желтоқсанда командамыз Словенияға қарсы жолдастық матч өткізеді.
Еске салайық, 7 желтоқсанда Блед қаласында жастар арасындағы әлем чемпионаты басталып, онда топ-дивизионның жалғыз жолдамасын Қазақстан, Украина, Австрия, Норвегия және Франция құрамалары өзара сарапқа салады.