Qazaq Style допинг-сынамаға қатысты мәлімдеме жасады

Qazaq Style допинг-сынамаға қатысты мәлімдеме жасады
Бокс

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг-сынамаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

“Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып, таңғалып отырмын. VADA бірінші рет анализ алып, бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де, тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз”, - деп жазды боксшы желідегі парақшасында. 

WBO Жәнібек Әлімханұлының VADA тест сынамасынан тыйым салынған зат анықталғанын растап, ішкі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.