Кака ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті

Кака ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті
Футзал

Қазақстан футбол федерациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака өз қызметінен кетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Бразилиялық маман қызметінен келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты кеткен.

Пауло Рикардо Фигейро Силва (Кака) жеті жыл көлемінде ұлттық құраманы жаттықтырып, осы уақыт аралығында командамыз тарихи нәтижелерге қол жеткізді. 

2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында ұлттық құрама алғаш рет жартылай финалға шығып, төртінші орын алды. Бір жылдан кейін өткен Еуропа біріншілігінде плей-офф кезеңінде бақ сынасақ, Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында үздік сегіздіктің қатарына ендік. 

Спорттағы еңбегі мен Қазақстан футзалының дамуына қосқан үлесі үшін Пауло Рикардо Кака Мемлекет басшысының қолынан ІІ дәрежелі “Достық” орденімен марапатталды.