“Қайрат” пен “Семейдің” 1/8 финалдағы қарсыластары жарияланды
Футзал
“Қайрат” ФК
Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Оның қорытындысында қазақстандық “Қайрат” және “Семей” клубтары осы кезеңдегі өз қарсыластарын білді.
Алматылық “Қайрат” 1/8 финалда бельгиялық “Спортинг-Андерлехт” командасымен ойнаса, “Семей” польшалық “Пяст Гливицимен” сынға түседі.
1/8 финалдың алғашқы матчы 24 қарашада, ал қарымта кездесу 5 желтоқсанда өтеді деп жоспарланған.
Осы кезеңдегі сегіз жеңімпаз ұжымпаз екі ойынға жалғасатын ширек финалға шығады. Ол келесі жылдың 23 қарашасы мен 6 наурызында өтеді. Ал финал Италияның Пезаро қаласында 8 және 10 мамыр күндері өтеді деп жоспарланған.