"Семей" Чемпиондар Лигасы жеңімпазынан жеңіліп, 1/8 финалға шықты

Футзал

"Семей" ФК

"Семей" футзал клубы Чемпиондар Лигасы негізі кезеңінің соңғы матчында испаниялық "Пальмадан" жеңілді, деп жазады BasSport.kz. 

Екінші топтың үшінші турының аясында өткен ойында семейлік ұжым "Пальмамен" кездесіп, 4:7 есебімен жеңілді. Қазақстандық команда құрамынан Марсело дубль жасап, Бруно Гомес тағы бір голдың авторы атады. 

Осылайша, "Семей" қоржынындағы үш ұпаймен топта үшінші орын алды. Бұл команданың Чемпиондар Лигасы 1/8 финалына шығуына мүмкіндік берді. Плей-оффтың алғашқы кезеңіндегі қарсыласы алдағы уақытта белгілі болады.