Ел чемпионаты үшін әзірленген арнайы қолғап пен бас киімнің артықшылығы қандай

Ел чемпионаты үшін әзірленген арнайы қолғап пен бас киімнің артықшылығы қандай
Бокс

Sting sports

Қазақстан бокс федерациясы мен STING компаниясының алғашқы ортақ өнімі таныстырылды.  

Қазақстан бокс федерациясы мен әлемге танымал STING Sports компаниясы арасындағы серіктестіктің алғашқы өнімі дайын болды. 

Семейде өтіп жатқан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында отандық спортшылар жаңа дизайндағы қолғап пен бас киіммен өнер көрсетуде. Бұл жабдықтар — Қазақстанға арналған арнайы үлгіде, ұлттық нақыштағы элементтермен әзірленген. Материал сапасы халықаралық стандарттарға сай және спортшылардың қауіпсіздігін, қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа құрал-жабдықтар алғаш рет 14–21 қазан аралығында Семейде өтетін ел чемпионатында қолданылады.

Федерацияның мәлімдеуінше, алдағы уақытта Қазақстандағы барлық ресми біріншіліктер мен ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиындарында дәл осы STING компаниясының өнімдері пайдаланылады.

Айта кетелік, “STING Sports” – бокстан Олимпиада, әлем чемпионаты және көптеген халықаралық жарыстардың ресми серіктесі атанған, Австралияда негізі қаланған жетекші бренд. Компания 2016 жылғы Рио Олимпиадасында бокстан жабдықтаушы ретінде жұмыс істеген және бүгінде Англия, Австралия, Түркия секілді елдердің федерацияларымен серіктестік орнатқан.

Қазақстан бокс федерациясы мен STING арасындағы бұл ынтымақтастық — ел спортшыларының қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам