Қазақстан бокс федерациясы кубогі: Астана В тобының жеңімпазы

Қазақстан бокс федерациясы кубогі: Астана В тобының жеңімпазы
Бокс

KBF

Астанада Қазақстан бокс федерациясы кубогінің В тобының үздігі анықталды. Шаршы алаң қожайындары қарсыластарын қапы қалдырып, топ жеңімпазы атанды. 

Командалық есепте Астана қаласы төрт ұпай жинап көш бастады. Қостанай, Павлодар және Ақмола облыстарының көрсеткіші екі ұпайдан тең түсті, ал Солтүстік Қазақстан облысы бұл кезеңде ұпайсыз қалды. 

Бұған дейін А тобында Шымкент қаласы, С тобында Қарағанды облысы үздік шыққан болатын. Алдағы D тобының жарысы 3-9 қараша күндері Ақтауда өтсе, жартылай финал мен ақтық сын 12-14 желтоқсан аралығында Астанада ұйымдастырылады. 

Айта кетейік, Қазақстан бокс федерациясы кубогінің жүлде қоры 150 мың АҚШ долларын құрайды. Жоба аймақтардағы боксты дамытуға бағытталған.