«Қайрат» — «Реал» матчы қазақ футболының кемшіліктерін айқындады

«Қайрат» — «Реал» матчы қазақ футболының кемшіліктерін айқындады
Футбол

Фото: VYACHESLAV OSELEDKO/AFP via Getty Images

Спорт функционері және Қазақстан футбол федерациясы президенттігіне бұрынғы кандидат Алтай Даумов Алматыда өткен Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайрат» пен мадридтік «Реал» (0:5) арасындағы ойынды қорытындылап, өз пікірін білдірді, деп жазады Bassport. kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

— Кеше өткен матч біздің барлық кемшіліктерімізді ашып берді. Бұл — ұйымдастыру, стадион сапасы, стюардтар мен полиция жұмысы және тағы басқа мәселелер. «Реалдың» келуі арқасында біз трансляцияның құлап қалуы мүмкін екенін, стадионға билетсіз адамдардың өтіп кетуі ықтимал екенін, ал алыпсатарлардың билеттерді қымбат бағаға қайта сататынын анық көрдік. Кешегі кездесу футболдан гөрі, біздің дамыған футбол елдерінен әлі де алшақ екенімізді көрсетті. Сондықтан мұндай ойындар бізде он жылда бір рет қана өтеді. Билік осы мәселелерге назар аударып, жүйелі жұмыс бастайды деп үміттенемін, — деді маман. 

Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы келесі ойынын 21 қазан күні өз алаңында кипрлік «Пафосқа» қарсы өткізеді.