Спорттық гимнастикадан ел намысын қорғайтын құрам белгілі болды

Гимнастика
Olympic.kz
19–25 қазан аралығында Индонезия астанасы Джакартада спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді. Жаһандық додада Қазақстан құрамасы алты спортшымен өнер көрсетеді.
Ел намысын қорғайтын спортшылар:
- Нариман Құрбанов – ат снаряды
- Милад Карими – керме, еркін жаттығулар
- Дмитрий Патанин – еркін жаттығулар, қоссырық, шығыршық
- Ілияс Әзізов – еркін жаттығулар, қоссырық, керме
- Диас Тойшыбек – ат снаряды, қоссырық, керме
- Зейнолла Ыдырысов – ат снаряды
Айта кетейік, Қазақстан гимнасттары соңғы жылдары әлемдік аренада тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Енді олар Джакартадағы бәсекеде бақ сынап, жүлде үшін таласады.