Чемпиондарға миллиондар беріледі: Қазақ боксшыларына қомақты сыйақы тағайындалды

Olympic.kz
Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді. Ел қоржынына 7 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде түсті. Осылайша, жалпыкомандалық есепте көш бастап, жанкүйерлердің ықыласына бөленді.
Десек те спортшыларымыздың еңбегі тек сүйіспеншілікпен бағаланып қоймайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, чемпиондар мен жүлдегерлер мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көреді. Әрбір спортшының сыйақысы төмендегідей белгіленді:
– алтын жүлде үшін — 15 000 доллар;
– күміс медаль үшін — 7 000 доллар;
– қола медаль үшін — 5 000 доллар.
Қазақстан құрамасының жүлделі 10 спортшысы үшін жалпы сыйақы қоры 122 000 доллар, ел валютасымен шаққанда шамамен 65,9 миллион теңгені құрайды.
Мұндай ілтипат тек спортшыларға емес, олардың артындағы бапкерлерге де көрсетілмек. Мемлекет тарапынан әрбір жаттықтырушы шәкіртінің нәтижесіне қарай төмендегідей сыйақы алады:
– чемпион тәрбиелеген бапкерге — 10 000 доллар;
– күміс жүлдегердің бапкеріне — 5 000 доллар;
– қола медаль иегерінің бапкеріне — 3 000 доллар.