Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады?

KBF
Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан әлем чемпионатының кезекті жарыс күнінде төрт спортшымыз жұдырықтасады
Бүгінгі бағдарламаны екі сессия қамтиды. Күндізгі жекпе-жектер Астана уақытымен сағат 15:00-де басталса, кешкі сессия 22:00-де өтеді. Күндізгі сессияда ел намысын 70 келіге дейінгі салмақтағы Төрехан Сабырхан қорғайды, қарсыласы – Алжир боксшысы Ислам Ячи. Кешкі бағдарламада үш қазақстандық спортшы шаршы алаңға шығады:
60 келі, 1/16 финал: Бейбарыс Жексен (Қазақстан) – Джунмилардо Огаири (Филиппин)
60 келі, 1/16 финал: Виктория Графеева (Қазақстан) – Донета Садику (Косово)
75 келі, 1/8 финал: Надежда Рябец (Қазақстан) – Лина Уанг (Қытай)
Айта кетейік, World Boxing тарихындағы алғашқы әлем чемпионаты 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Аталмыш бәсекеге Қазақстан мықты құраммен аттанып, алғашқы күннен-ақ жақсы өнер көрсетіп келеді.