GGG Қазақстан боксшыларына қолдау көрсетті

Бокс
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің президенті Геннадий Головкин боксшыларды қолдап, Ливерпульге келді
Орта салмақтағы экс-әлем чемпионы жаһандық бәсекеде ұлттық құрама боксшыларымен жүздесті. Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі жариялаған видеода Геннадий Головкин спортшыларға сәттілік тілеп, маңызды турнир алдындағы ақыл-кеңесімен бөліскені көрсетілген. Даңты боксшының келуі - отандастарымызға қосымша күш сыйлағаны даусыз.