Жәнібек Әлімханұлы: «Болмайтын нәрсе ешқашан болмайды екен»

Boxing News
Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адамеспен жекпе-жекке қатысты тақырыпқа нүкте қойды
Қазақстандық боксшы көптен бері доминикандық қарсыласын рингке шақырып келген еді. Алайда ол үнемі түрлі себептермен кездесуден бас тартып, келіссөздер еш нәтиже бермеді. Отандасымыз аталған кездесу туралы әлеуметтік желідегі жазбасында «Қазақ стилі» енді бұл жекпе-жекке қызығушылық танытпайтынын ашық айтты.
– «Жетер! Оны ұмытайық. Болмайтын нәрсе ешқашан болмайды. Біз тек алға жылжимыз, ол артта қалады», – деп жазды Жәнібек.
Айта кетейік, бұған дейін Сауд Арабиясының ықпалды инвесторы Турки әл-Әш-Шейх екі чемпионды қараша айында үлкен бокс кешінде кездестіруді жоспарлаған болатын. Бірақ Карлос Адамес нақты жауап бермей, гонорардың төмендігін алға тартқан. Осылайша, Әлімханұлы көптен күткен белбеулерін алу мүмкіндігінен ресми түрде бас тартып, басқа бағытта дамуды көздеп отыр.