«Қайраттың» капитаны Чемпиондар лигасы алдында жарақат алды

«Қайраттың» капитаны Чемпиондар лигасы алдында жарақат алды
Футбол

5 қыркүйек күні Беларусь құрамасы мен Грекия арасындағы матчта алматылық «Қайраттың» капитаны Александр Мартынович жарақат алып, тісінен айырылды

Орталық қорғаушы ойынға капитандық таңғышпен шыққанымен, алаңда бар болғаны 54 минут қана болған. Беларусь құрамасы жаңа іріктеу циклін сәтсіз бастап, гректерге 1:5 есебімен ойсырай ұтылды. Келесі кездесуін олар 8 қыркүйекте Шотландияға қарсы өткізеді.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 23-тур ойындары 13–14 қыркүйек күндері өтеді. Ал «Қайрат» 19 қыркүйекке қараған түні Чемпиондар лигасының топтық кезеңін Португалияның «Спортинг» клубына қарсы сырт алаңда бастайды.