Карина Ибрагимова әлем біріншілігін жеңіспен бастады

Карина Ибрагимова әлем біріншілігін жеңіспен бастады
Бокс

KBF

Бокстан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы айналымын Карина Ибрагимова сәтті аяқтады

57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ол, грекиялық қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсіп, жанкүйерлерін қуантты. 

Айта кетейік, ұлттық құрамадағы мақтанышымыз бұған дейінгі жаһандық додаларда күміс пен қола медаль жеңіп алған тәжірибелі спортшы саналады.