Қазақстан УЕФА рейтингінде бес сатыға көтерілді

Қазақстан УЕФА рейтингінде бес сатыға көтерілді
Футбол

Sportburo.kz

«Қайраттың» Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне жолдама алуы ел футболына тарихи нәтижемен бірге қуанышты жаңалық та сыйлады, деп хабарлайды Bassport.kz Match.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан клубтарының көрсеткіші УЕФА-ның елдер рейтингінде айтарлықтай жақсарды. Бұған дейін 39-орында тұрған Қазақстан бес саты жоғарылап, 34-орынға жайғасты.

Жаңартылған тізім:

30. Ресей

31. Ирландия.

32. Исландия.

33. Молдова

34. Қазақстан.

35. Армения.

36. Латвия.

37. Финляндия

38. Косово.

39. Босния.

40. Фарер аралдары.

Еске салайық, Қазақстанның атынан бұған дейін тек «Астана» (2015/16 маусымында) Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде ойнаған болатын. Енді оған алматылық «Қайрат» қосылып отыр.