Алматы полициясы «Қайрат» – «Селтик» матчынан кейін мәлімдеме жасады

Алматы полициясы «Қайрат» – «Селтик» матчынан кейін мәлімдеме жасады
Футбол

Чемпионат

Алматы қалалық полициясы Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» пен «Селтик» арасындағы ойыннан кейін ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bassport.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының дерегінше, матч ешқандай құқықбұзушылықсыз өтті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін стадион аумағында және оның сыртында екі мыңға жуық полиция қызметкері жұмыс істеген.

«Жанкүйерлер тәртіпті сақтап, командаларды құрметпен қолдады. Қала тұрғындары мен қонақтарының түсіністік танытып, полициямен бірлескен әрекетінің арқасында ешқандай елеулі заңбұзушылық тіркелмеді. Алматының тұрғындары мен меймандарына жауапкершілігі мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз», – деді қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.