18 жасар балуан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Күрес
UWW
Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық балуан Диас Сейтқалиев күміс жүлдеге ие болды.
82 келі салмақ дәрежесінде белдескен 18 жастағы спортшымыз финалда ресейлік Михаил Шкаринге 1:4 есебімен есе жіберіп, екінші орынға табан тіреді.
Бұл — Қазақстан құрамасының грек-рим күресі бойынша аталған біріншіліктегі алғашқы жүлдесі.