Дастан Сатпаев «Селтикке» қарсы жауапты ойынды өткізіп алады

Футбол
Tengri Sport
Алматылық «Қайраттың» басты шабуылшысы Дастан Сатпаев плей-офф кезеңіндегі «Селтикке» қарсы өтетін қарымта матчта алаңға шықпайды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Форвардтың ойыннан шеттетілуіне сары қағаздардың шектен асуы себеп болды. Глазгода өткен алғашқы кездесуде Сатпаев 90+10-минутта ескерту алып, бұл оның қазіргі турнирдегі үшінші «сарысы» болды. Ереже бойынша, футболшы бір ойынға дисквалификацияланады.
Осылайша, «Қайраттың» көшбасшы ойыншысы 26 тамыз күні Алматыда өтетін жауапты кездесуді жіберіп алады. Мамандардың пікірінше, Сатпаевтың жоқтығы команданың шабуыл әлеуетіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.