«Қайсар» жалақы мәселесіне қатысты ресми мәлімдеме жасады

«Қайсар» жалақы мәселесіне қатысты ресми мәлімдеме жасады
Футбол

NUR.KZ

«Қайсар» клубының баспасөз қызметі командадағы қаржылық мәселеге байланысты ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды Bassport.kz.

Мәлімдемеде соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен кейбір ақпарат құралдарында футболшыларға жалақы төленбегені туралы тарап жатқан хабарламалардың шындыққа жанаспайтыны айтылды.

«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бүгінгі күні футболшылар, бапкерлер штабы, футбол орталығының қызметкерлері мен клубтың ішкі персоналы уақытылы жалақыларын алып, штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Қайтадан атап өтеміз, бұл ақпарат жалған. БАҚ өкілдерін клубтың баспасөз қызметіне жүгінуге, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз», — делінген қызылордалық клубтың Instagram парақшасында жарияланған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында «Қайсар» футболшылары мен клуб қызметкерлеріне жалақы мен сыйақы берілмей жатыр деген ақпарат шыққан болатын.