Түркістандық жас гандболшылар ел чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Басқа
6-12 тамыз аралығында Астанада 2008 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында гандболдан Қазақстан чемпионаты өтті. Додаға еліміздің әр аймағынан 6 команда қатысып, үздік атағы үшін бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының №5 ОРМБЖСМ командасы чемпион атанса, Түркістан облысының құрамасы күміс медаль иеленді. Қола жүлде Қарағанды қаласының командасына бұйырды.
Түркістан облысының жас спортшыларын тәжірибелі бапкерлер — Мақсат Нарметов, Анатолий Мамедов және Буният Акрамжанов дайындады.
Чемпионатқа қатысқан командалар:
1. СДЮСШОР-5 (Астана қаласы)
2. Түркістан облысы
3. Қарағанды қаласының ОСДЮСШОР
4. СДЮШОР-2 (Павлодар қаласы)
5. Қарағанды облысы
6. Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы (Астана қаласы)