Қазақстан құрамасының футболшысы РПЛ клубындағы ең қымбат ойыншы атанды

Футбол
Спорт Шредингера
Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы CIES Football Observatory Ресей Премьер-Лигасындағы әр клубтың ең қымбат футболшыларының тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Тізімге сәйкес, «Ахматтың» ең қымбат ойыншысы – Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов. Сарапшылар оның құнын 3,9–4,5 миллион еуро аралығында бағалады. Айта кетейік, беделді Transfermarkt.de сайты Самородовтың трансферлік құнын 2,5 миллион еуро деп көрсетіп отыр.
Өткен маусымда қазақстандық футболшы «Ахмат» сапында барлық турнирлерде 32 матч өткізіп, 8 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Ал жаңа маусымда ол әзірге 6 ойынға қатысып, статистикалық көрсеткіштерге ие бола қойған жоқ.