Хамзат Чимаев UFC-де абсолютті рекорд орнатты

Жекпе-жек
Чемпионат
Чикагода өткен UFC 319 турнирінде ресейлік файтер Хамзат Чимаев оңтүстік африкалық Дрикус Дю Плессиге қарсы жекпе-жекте жеңіске жетіп, орта салмақта чемпион атанды, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.
Қарсыласымен толық бес раундтық айқаста Чимаев UFC тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткішке қол жеткізді. Ол Дю Плессиге қарсы 529 дәл соққы жасап, ұйымның жаңа абсолютті рекордын орнатты. Бұған дейін мұндай көрсеткіш ешбір спортшының еншісінде болмаған.
Жекпе-жек соңында төрешілер бірауыздан Чимаевты жеңімпаз деп таныды.