Хамзат Чимаев UFC чемпионы атанды

Хамзат Чимаев UFC чемпионы атанды
Жекпе-жек

Чемпионат

АҚШ-тың Чикаго қаласында өткен UFC 319 турнирінің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынды. БАӘ өкілі Хамзат Чимаев (15-0) пен Оңтүстік Африкадан шыққан Дрикус Дю Плесси (23-3) октагонға шықты, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бес раундқа жоспарланған айқас толық қашықтыққа жетпеді. Қарсыласын толықтай басымдықпен жеңген Чимаев төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен (50-44, 50-44, 50-44) жеңіске жетіп, алғаш рет UFC чемпионы атанды.

Бұл Чимаевтың ММА-дегі 15-ші жеңісі болса, Дю Плесси мансабындағы үшінші жеңілісін тіркеді. Бұған дейін оңтүстікафрикалық спортшы екі рет белбеуін сәтті қорғап шыққан еді.