Миллиардер Тимур Турлов Қарағанды облыстық футбол федерациясын басқаруға ниетті

Футбол
FFI
Bassport.kz SPORT+ дерегіне сүйеніп хабарлағандай, алдағы апта басында Тимур Турлов Қарағанды облыстық футбол федерациясының президенті қызметіне үміткер болады.
Аталған өңірде қазір меценаттың қаржысына футбол академиясының құрылысы жүріп жатыр. Айта кетсек, аймақтық федерациялар жергілікті деңгейде футболды дамытуға, оның ішінде балалар мен әуесқой спортқа жауап береді. Ал кәсіби клубтар олардың құзыретіне көп жағдайда кірмейді.
Forbes мәліметінше, Турловтың байлығы шамамен 7,4 миллиард долларды құрайды.