Олимпиада-2024 жүлдегері маусымды жеңіспен бастады

Олимпиада-2024 жүлдегері маусымды жеңіспен бастады
Күрес

olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі, Олимпиада-2024 күміс жүлдегері Демеу Жадраев жаңа маусымдағы алғашқы жарысында топ жарды.

35 жастағы балуан Германияның Дортмунд қаласында өткен Гран-при турнирінде 77 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Финалдық белдесуде ол венгр балуаны Роберт Фричтен басым түсті. Үшінші орынға ресейлік Исмаил Барахоев пен украиналық Артур Политаев ие болды.

Еске сала кетсек, өткен жылы Демеу Жадраев Парижде өткен Олимпиада ойындарында сенсация жасап, финалда жапониялық Нао Кусакодан ұтылып, күміс жүлде жеңіп алған болатын.