Ризабек Айтмұхан – Wrestling Stars League 4 жеңімпазы

Күрес
olympic.kz
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Ақтөбеде өткен беделді халықаралық Wrestling Stars League 4 турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Bassport.kz.
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айтмұхан финалға дейін Ресейдің үш мықты балуанын – Константин Пшеничниковты, Рамазан Шабановты және Омар Зияутдиновты тізе бүктірді.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан – Қазақстан тарихындағы алғашқы еркін күрестен әлем чемпионы. 2023 жылы ол бірден үш жас санатында әлемдік алтынды иеленсе, 2024 жылы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында да әлем чемпионы атанды.