Шілде айындағы үздік қазақстандық боксшылар анықталды

Әлеуметтік желі
BoxRec.com сайты шілде айына арналған жаңартылған рейтингін жариялады. Рейтинг салмақ дәрежесіне қарамастан, қазақстандық кәсіпқой боксшылардың жалпы көрсеткіштері бойынша түзілген, деп хабарлайды Bassport.kz.
Көш басында бұрынғыдай орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы тұр. Екінші орынға жеңіліс көрмеген Сұлтан Заурбек жайғасса, үздік үштікті Бекман Сойлыбаев қорытындылап отыр. Рингке ұзақ үзілістен кейін оралған Данияр Елеусінов төртінші орыннан көрінді.
BoxRec нұсқасы бойынша шілде айындағы үздік 10 қазақстандық боксшы:
1. Жәнібек Әлімханұлы (17 жеңіс, 0 жеңіліс, 12 нокаут)
2. Сұлтан Заурбек (20-0, 13 КО)
3. Бекман Сойлыбаев (20-1, 11 КО)
4. Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО)
5. Батыр Жүкембаев (24-1, 17 КО)
6. Бек Нұрмағанбет (14-0, 12 КО)
7. Елшат Нығметолла (21-0-2, 8 КО)
8. Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО)
9. Руслан Мадиев (17-2-1, 6 КО)
10. Сергей Липинец (18-4-1, 13 КО)