Хабибтің ұсынысына UFC жұлдызынан өткір жауап келді

Хабибтің ұсынысына UFC жұлдызынан өткір жауап келді
Жекпе-жек

БИЗНЕС Online

UFC жеңіл салмағының экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың «раундтар арасындағы үзілістерді алып тастау» туралы ұсынысы ұйым ішіндегі қызу талқыға түсті. Бұл пікірге бірінші нөмірлі жеңіл салмақ өкілі Шон О’Мэлли ерекше үн қатты, деп хабарлайды Bassport.kz Sports.ru басылымына сілтеме жасап.

— Жоқ, үзілістер көбірек болуы керек. Мені құлатқан сайын маған демалыс берсін, — деп сынды әзілмен жеткізді америкалық файтер.

Айта кетейік, Хабиб жақында берген сұхбатында раундтар арасындағы үзілістердің мәні жоқ екенін айтып, оны алып тастап, жекпе-жекті бір ұзақ раунд түрінде өткізу ұсынысын тастаған болатын. Яғни, титулды кездесулер — 25 минут, ал стандартты жекпе-жектер — 15 минут бойы үзіліссіз өтуі керек деген пікір білдірген.

Еске салайық, Шон О’Мэлли 7 маусым күні АҚШ-тың Ньюарк қаласында өткен UFC 316 турнирінде грузиялық Мераб Двалишвилиге қарсы титулдық жекпе-жек өткізген. Алайда америкалық спортшы үшінші раундта тұншықтыру әдісіне түсіп, жеңіліп қалды.

О’Мэллидің бұл жауабы Хабибтің ұсынысының UFC әлемінде қолдау табу үшін оңай болмайтынын аңғартады.