Қазақ төрешілері УЕФА Конференция Лигасының матчына тағайындалды

Қазақ төрешілері УЕФА Конференция Лигасының матчына тағайындалды
Футбол

kff.kz

Қазақстан спорты үшін жағымды жаңалық. УЕФА Конференция Лигасының 2025/26 жылғы маусымындағы екінші іріктеу кезеңінің матчтарына бірден екі қазақстандық төрешілер бригадасы қызмет көрсетуге тағайындалды, деп хабарлайды Bassport.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Румыниялық “Университатя” мен босниялық “Сараево” арасындағы кездесудің бас төрешісі ретінде Данияр Сахи тағайындалды. Оған көмек көрсеткен ассистенттер – Самат Тергеусізов пен Евгений Бельский, ал төртінші төреші қызметін Сәкен Байымбет атқарды. Матч 31 шілдеде Румынияда өтіп, “Университатя” клубы 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, Данияр Сахи бұл ойында 10 сары қағаз көрсетті.