Әлімханұлы чемпиондық белбеуінен бас тартып, «Канело» Альварестің салмағына ауысты

Әлімханұлы чемпиондық белбеуінен бас тартып, «Канело» Альварестің салмағына ауысты
Бокс

instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақтағы IBF және WBO нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16 жеңіс, 0 жеңіліс, 11 нокаут) супержұлдыз Сауль «Канело» Альварес өнер көрсететін екінші орта салмақ дәрежесіне (168 фунт немесе 76,2 келіге дейін) ауысты, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Бұл маңызды кезең отандасымызға мансабындағы ең ірі әрі табысты жекпе-жектерді өткізуге мүмкіндік береді. Оған осы дивизионның абсолютті чемпионы, мексикалық танымал боксшы Сауль «Канело» Альвареспен айқасуға ерекше жағдай туындайды. Мұндай кездесулер спортшының кәсіби деңгейін арттыруға және халықаралық аренада танылуына ықпал етеді.