«Астана» еурокубок табысы арқылы Қазақстан клубтарын байытты

«Астана» еурокубок табысы арқылы Қазақстан клубтарын байытты
Футбол

olimpbet arena

«Астананың» 2024/25 маусымындағы Конференциялар лигасының топтық кезеңіне жолдама алуының арқасында, ел чемпионатында өнер көрсететін өзге қазақстандық клубтар 180 миллион теңгеден астам қаржыға ие болды. Бұл сома еуромен есептегенде 350 000-ға жуық, деп хабарлайды Bassport.kz KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаражат екі траншпен бөлінген:

– 287 083 еуро

– 51 583 еуро

Бұл сома өткен маусымда Қазақстан чемпионатында өнер көрсеткен клубтарға, «Астанадан» басқа барлығына берілді. Айта кетерлігі, бұл көрсеткіш өткен жылғы төлемдерден әлдеқайда жоғары. Былтыр «Астананың» топтық кезеңге өтуі клубтарға 150 231 еуродан үлестірілген болатын.

Қазақстан чемпионаты клубтарына мұндай солидарлық төлемдер әр жолы ел клубтарының еурокубок топтық кезеңіне өтуінен кейін үлестіріліп келеді. Осы уақытқа дейін:

• «Астана» — 7 рет,

• «Қайрат» пен «Шахтер» — 1 реттен еурокубок топтық кезеңінде бақ сынаған.

Бұл — тек бір клубтың жетістігі ғана емес, бүкіл ел чемпионатының игілігіне айналған маңызды қадам.