«Барыс» басшылығында өзгерістер болуы мүмкін

Хоккей
olympic.kz
Астаналық «Барыс» хоккей клубының басшылығында күтпеген өзгерістер орын алуы мүмкін, деп хабарлайды Bassport.kz телеграм-арна «Головой Об Лёд»-ке сілтеме жасап.
Ақпарат көзінің мәліметінше, клубтың бас менеджері қызметіне Олег Болякин қайта оралуы ықтимал. Ол бұл лауазымда 2023 жылы жұмыс істеген және Нұрлан Оразбаев келгенге дейін клуб құрылымында болған.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Барыстың» бас бапкері қызметіне ресейлік маман Михаил Кравец тағайындалатыны белгілі болған. Ол Ғалым Мәмбеталиевтің орнын баспақ.
Клубтың өткен маусымдағы сәтсіз нәтижелерінен кейін «Барыс» құрамында ірі өзгерістер орын алуда.