Ең көп жүлде жеңіп алған футболшы «Реалдан» кетіп, «Миланмен» келісімшартқа отырды

Чемпионат
Аты аңызға айналған хорват жартылай қорғаушысы Лука Модрич мадридтік «Реал» клубынан ресми түрде кетіп, енді мансабын Италияның «Милан» командасында жалғастырады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Журналист Фабрицио Романоның мәліметінше, 39 жастағы футболшы мен «Милан» клубы бір жылдық келісімшартқа қол қойған.
Модрич 2012 жылдан бері «Реал Мадридтің» негізгі ойыншысы болды. Оның соңғы ойыны — клубтық әлем чемпионатының жартылай финалындағы ПСЖ-мен өткен матч (0:4 есебімен аяқталған). Осылайша, хорват ойыншысы еркін агент ретінде корольдік клубпен қоштасты.
Лука Модрич — «Реал» тарихындағы ең титулды футболшы. 13 жыл ішінде ол командамен 28 трофей жеңіп алған. Оның ішінде:
• 6 рет Чемпиондар лигасы (соңғысы — 2023 жылы)
• 4 рет Ла Лига чемпионаты (2017, 2020, 2022, 2024)
• 2 рет Испания Кубогы
• 5 рет Испания Суперкубогы
Модричтің «Реалдағы» ғажайып дәуірі аяқталды. Енді футбол сүйер қауым оның Италия А Сериясында қалай өнер көрсететінін қызыға тамашалайтын болады.