Ислам Чесноков «Тоболда» қалуы мүмкін

Ислам Чесноков «Тоболда» қалуы мүмкін
Футбол

Offside.kz

Қазақстан Премьер-Лигасының 2025 жылғы маусымында «Тобол» чемпион атануы тиіс — мұндай тапсырма Қостанай облысы әкімдігінен берілген, деп хабарлайды Bassport.kz Aladop YouTube-арнасына сілтеме жасап.

Журналист Ермұхаммед Мәуленнің айтуынша, «Хартсқа» ауысуы ұзаққа созылған Ислам Чесноковтың трансфері әзірге тоқтап тұр. Бұған себеп — жергілікті биліктің клубқа қойған нақты міндеті.

— Осы бір жылдан бері Ислам Чесноковтың «Хартсқа» ауысуы туралы сериалға айналған жағдай жалғасып келеді. Бірақ менің естуімше, клуб емес, облыс басшылығының тарапынан «Биыл „Тоболды“ чемпион қылыңдар. Қаражатты аямай, бар күштеріңді салыңдар» деген тапсырма болған. Осыған байланысты Чесноковты әзірге командада қалдыру туралы шешім қабылданған, — деді журналист.

Айта кетейік, ҚПЛ-дің 14 турынан кейін «Тобол» 31 ұпаймен турнирлік кестеде төртінші орында тұр. Команда биылғы маусымда чемпиондық үшін басты үміткерлердің бірі саналады. Чесноков — команда көшбасшыларының бірі және трансфері орындалмай қалса, бұл Тоболдың чемпиондық мақсаттарына әсер ететіні сөзсіз.