УЕФА Чемпиондар лигасының регламентін өзгертті: не білу керек?

Rocket Chainsaw
Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Чемпиондар лигасы мен өзге де құрлықтық турнирлердің плей-офф кезеңіне қатысты маңызды өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Bassport.kz AS.com сайтына сілтеме жасап.
Енді плей-офф кезеңінде қай команда алғашқы ойынды өз алаңында өткізетіні жеребе арқылы емес, жалпы кезеңдегі көрсеткішке қарай анықталады. Яғни, турнирлік кестеде жоғары орын алған команда бірінші ойынды сырт алаңда, ал қарымта матчты өз алаңында өткізеді.
Егер төменгі рейтингтегі команда жоғары тұрған команданы жеңсе, келесі кезеңде оның орнына өтіп, соған сәйкес артықшылықтарға ие болады.
Бұл өзгерістер Чемпиондар лигасына ғана емес, сондай-ақ Еуропа лигасы мен Конференциялар лигасына да қатысты.
УЕФА бұл қадамды жалпы кезеңдегі орынның маңыздылығын арттыру үшін жасап отыр. Мысалы, өткен маусымда ЧЛ-да жалпы кезеңде 11-орын алған «Реал» 1/4 финалдағы екінші ойынды 3-орын иеленген «Арсеналға» қарсы өз алаңында өткізді. Жаңа жүйе бойынша бұл матч Лондонда өтуі тиіс еді.