Қазақстан әлем кубогында алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды

Қазақстан әлем кубогында алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды
Бокс

olympic.kz

Астанада өтіп жатқан World Boxing әлем кубогының финалында Қазақстан құрамасының мүшесі Назым Қызайбай ел қоржынына алғашқы алтын медальды салды, деп хабарлайды Bassport.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен шешуші жекпе-жекте Қызайбай үндістандық Минакшимен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Назым Қызайбай Қазақстан құрамасына турнирдегі алғашқы чемпиондық атақты сыйлады. Ал оның қарсыласы Минакши күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, Қызайбай – 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы (2014, 2016, 2025) және Азия чемпионы (2021). Бұл турнир аясында ол сондай-ақ канадалық Приянка Дхиллонды, өзбекстандық Фарзона Фозилованы және жапон боксшысы Хикару Шинохараны жеңген болатын.