World Boxing Cup: Қазақстанның 12 боксшысы финалға жолдама алды

World Boxing Cup: Қазақстанның 12 боксшысы финалға жолдама алды
Бокс

Prosports.kz

Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының финалына Қазақстан құрамасынан 12 спортшы шықты. Шешуші кездесулер күндізгі және кешкі сессияларда өтеді.

Күндізгі сессия (14:00):

• 48 келі: Назым Қызайбай (Қазақстан) – Минакши Минакши (Үндістан)

• 55 келі: Махмұд Сабырхан (Қазақстан) – Руи Ямагучи (Жапония)

• 80 келі: Нұрбек Оралбай (Қазақстан) – Иожерлин Сезар (Франция)

• 85 келі: Бекзад Нұрдәулетов (Қазақстан) – Жугно Жугно (Үндістан)

• 60 келі: Виктория Графеева (Қазақстан) – Ребека Де Лима Сантос (Бразилия)

• 70 келі: Наталья Богданова (Қазақстан) – Лекейша Перголити (Жаңа Зеландия)

• 50 келі: Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) – Джей Бриан Барикуатро (Филиппин)

Кешкі сессия (19:00):

• 51 келі: Алуа Балқыбекова (Қазақстан) – Пихла Кайво-Ожа (Финляндия)

• 75 келі: Надежда Рябец (Қазақстан) – Суннива Хуфстад (Норвегия)

• +80 келі: Елдана Талипова (Қазақстан) – Нупур Нупур (Үндістан)

• 75 келі: Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) – Рами Киван (Болгария)

• +90 келі: Айбек Оралбай (Қазақстан) – Никита Путилов (Германия)

Финалдық кездесулер Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Кіру тегін.

Барлық жекпе-жекті «Qazsport» телеарнасы мен YouTube арнасынан тікелей эфирде көруге болады.