UFC-дің бұрынғы жұлдызы бокстан жекпе-жек өткізеді

Бокс
Fight.ru
UFC ұйымының жеңіл салмақтағы бұрынғы уақытша чемпионы Тони Фергюсон 30 тамыз күні бокстан жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
41 жастағы америкалық спортшы спорттан кетпейтінін атап өтті. Оның айтуынша, ол қайтадан жаттығу лагеріне оралып, рингке толық дайын.
«Мен зейнетке шыққан жоқпын. Қайта жаттығуға кірістім. 30 тамызда бокстан жекпе-жек өткіземін. Басым да, денем де дайын. Өзімді жақсы сезінемін, жетіліп келемін. Көбірек тартылып, көп жаттығу жасай аламын», – деді Фергюсон.
Айта кетейік, Тони Фергюсон соңғы рет 2024 жылдың 3 тамызында Абу-Дабиде (БАӘ) өткен ММА жекпе-жегінде Майкл Кьезеге қылқындыру әдісімен есе жіберген еді.