Нұралы Әліп “Зениттің” жеңісінен кейін ең төменгі баға алды

Offside.kz
Қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп Ресей Премьер-лигасының 6-турындағы “Зенит” – “Динамо-Махачкала” кездесуінен кейін командасындағы ең төменгі бағаға ие болды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Санкт-Петербургте өткен ойында алаң иелері қарсыласын 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Әліп 68-минутта ойынға қосылып, қалған уақыт ішінде Flashscore порталы бойынша 6.7 ұпай алды.
Айта кетейік, ең жоғары бағаны Максим Глушенков иеленді — 8.5 ұпай. Ол да алаңға 68-минутта шықты және төртінші голдың авторы атанды.
Бұл Нұралы Әліптің ағымдағы маусымдағы РПЛ-дегі үшінші ойыны болды.
Алты турдан кейін “Зенит” 9 ұпаймен турнирлік кестеде 5-орында, ал “Динамо-Махачкала” 5 ұпаймен 13-сатыда тұр.
Келесі турда “Зенит” 30 тамызда “Пари НН”-ды қабылдайды, ал “Динамо-Махачкала” 31 тамызда “Динамомен” (Мәскеу) кездеседі.