ҚПЛ: «Оқжетпес» өз алаңында «Алтайды» ірі есеппен жеңді
Футбол
sports.kz
Көкшетаулық «Оқжетпес» Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) 20-туры аясында өз алаңында өскемендік «Алтайды» 4:1 есебімен тас-талқан етіп жеңді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Көкшетауда өткен кездесуде алаң иелері сапынан Владислав Васильев (45+2'), Владимир Воменко (76') және Оралхан Өміртаев (59', 85') гол соқты. Қонақтардан жалғыз голды 80-минутта Денис Митрофанов өз атына жазды. Осы ірі жеңістен кейін «Оқжетпес» 33 ұпаймен турнирлік кестеде 4-орынға көтерілсе, «Алтай» 16 ұпаймен соңғы орында қалды.